Композитор Қалдыбек Құрманәлінің тұңғыш фотоальбом-кітабы жарық көрді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті композитор – Қалдыбек Құрманәлінің тұңғыш фотоальбом-кітабы жарық көрді. Онда туындылары қазақ музыкасының алтын қорына енген композитор әндерінің сөздері мен ноталары жазылған.Сондай-ақ кітапта Қалдыбек Құрманәлінің өмірінен сыр шертетін естеліктері мен бұрын-соңды басылым беттерінде көрінбеген фотосуреттер бар. Ән сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген композитор шығармашылығы жайлы белгілі қайраткерлердің жылы лебіздері мен тілектері де жарияланған. Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ, КОМПОЗИТОР, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ: Мен бұл кітапқа екі жыл бойы дайындалдым. Екі жыл бұрын менің жүрегіме күрделі ота жасалды. Сол кезде ойландым: Қанша ғұмырым бар? Кітапты кім шығарады?.. Ұлдарым бар, қыздарым бар. Бірақ енді өз әніңнің тағдырын өзіңнен артық ешкім білмейді ғой. Әндерім – менің перзентім сияқты. Халыққа жеткені бар, жетпегені бар. Мойындалғаны бар, әлі әншісін таппағаны бар. Сондықтан ойлана келе, осы кітапты шығарайын дедім.  Қалдыбек Құрманәлі дүниеге әкелген туындыларды еліміздің атақты әншілері орындап жүр. Әрбір әні жеке қойылым іспеттес композиторды халық Шәмші мұрасының шырақшысы деп атап кеткен. Тұсаукесер кешіне жиналған бірқатар қоғам қайраткерлері кітапқа жоғары бағасын берді. Аягүл МИРАЗОВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ: Бұл өте керек. Бұл Қалдыбектің өзіне ғана керек емес, ол біздің халқымызға керек, бұл біздің ұрпағымызға керек өсіп келе жатқан. Сондықтан мұндай дүниелер көптеп келсін.Әрине, композиторлер көп қой. Бірақ композиторлердің де композиторы болады, шоқтығы биік. Мен Қалдыбекті сол жағынан өте бір құрметтеймін. Қалдыбек-халықтың адамы, нағыз қайраткер, нағыз майталман композитор.

Читать источник astanatv.kz/kz/
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
«Дикий Арманға» сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды
Бақыт Сәрсекбаев Олимпиаданы жеңген боксшылардың керексіз болып қалатынын айтты
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
«Дикий Арманның» соты қашан өтетіні белгілі болды
Құтқарушының құрметті жолы
Қостанай облысында түнгі клубта кісі өлтірген күдікті сотталды
eGov Mobile қосымшасында Қазпошта қызметтері қосылды
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
ШҚО-да алимент төлемеген 44 әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау