Қонаев қаласында Конституция күніне орай «Ата заңым – айбыным!» атты мерекелік жиын өтті

Қонаев қаласының тұрғындары Конституция күнін тойлауды бастап кетті. Бүгін қалада «Ата заңым – айбыным» атты мерекелік жиын өтті. Әсем ән мен тәтті күй жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлап, құлақ құрышын қандырды. Ата Заңымызды ұлықтаған жиында алғашқы болып облыс әкімі сөз алды. Ол "Конституция- азаматтардың құқығы мен бостандығын, қуатты мемлекетіміздің егемендігі мен бүтіндігін сақтайтын темірқазық" екендігін атап өтті. Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституциямыз жаңа сипаттағы Қазақстанның елдік іргетасын қалады. Осы жылдар ішінде Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде орнықты, дүние жүзінде өзінің лайықты орнын алды. 2022 жылы Конституциямыз заман талабына сай қайта жаңғырды. Бұл маңызды саяси қадам Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындады. Жиын барысында өңірдің бірқатар қоғам қайраткерлері «Алматы облысының құрметті азаматы» атағына ие болды. Олардың арасында белгілі журналист, мәдениет саласының үздігі, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты Қанат Тәкебаев бар. 50 жылдан астам уақыт журналистика саласына өз үлесін қосып келе жатқан тұлға алғашқы еңбек жолын аудандық газеттен бастап, кейін республикалық «Парасат» журналында жалғастырған. Қанат ТӘКЕБАЕВ, ЖУРНАЛИСТ: Ата заңымызды қазақ халқы қашан да ардақтап, айрықша құрметін көрсетіп келеді. Көптеген еңбегім үшін еленіп, бағаланғаным да жоғары мәртебе деп санаймын. Халқымыз қашан да Ата заңымыздың аясында осындай қуаныш пен шаттықты қошеметпен қол соғып тұрып, қарсы алып, мерейлі мерекені осылайша аспандатып атай берсін дегім келеді. Ата Заңды құрметтеу баршаға бірдей азаматтық парыз. Айта кету керек, өңірде Конституция күніне орай бұдан басқа да бірнеше ауқымды шара жоспарланған.Мысалы, Есік қаласының 120 тұрғынына сатып алу құқығынсыз жалға беретін баспана кілті табысталмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесін дамыту: халықаралық тәжірибе және жаңа көзқарас
Ақтөбе мен БҚО-да жолдар жабылды
Қазақстандық боксшы спорттан 2 жылға шеттетілді
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына жолдама алды
Сенаторлар «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады
Доллар тағы қымбаттады
Алматыда "Бастау" кинофестивалі ашылды
Мемлекет басшысы рух деген сөзді жиі айтады – Ерлан Қошанов
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
«Ұлы дала»: AMANAT ұйымдастырған байқауға 300-ден астам шығарма келіп түсті
Астанада Отбасылық жанжалдарды шешудегі медиацияның рөлі талқыланды