Қонаев қаласында «Шахмат керуені» атты турнирдің жартылай финалы өтті

«Шахмат керуені» Қонаевқа жетті. Әуесқойлар арасындағы турнирдің жартылай финалында 20 адам бақ сынады. Оның үшеуі гранд-финалға жолдама алды. Сондай – ақ ақыл-ой ұшқырлығы мен тапқырлықты дамытатын спорт түрін өңірде кеңінен насихаттау мақсатында Қонаевта Қазақстан Шахмат федерациясының филиалы ашылды. Көкшетаудан бастау алған теңбіл тақта турнирінің керуен жолында Қонаев 14-ші қала болды. Ойыншылар үшін мобильді зал ретінде арнайы киіз үй қойылды. Шараның салтанатты ашылуына Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым қатысты. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылар арасында бүлдіршіндер мен қариялар да бар. 76 жастағы Ахат Сұлтанқұлов «Бұл спорт түрінің жастарға берері көп»,- дейді. Ахат СҰЛТАНҚҰЛОВ, ҚАТЫСУШЫ: Ақыл береді, ой береді, сабырлық береді. Бір гроссмейстерден сұрапты: «сіз қанша ход ойлайсыз, 10- 15 пе?» деп. Сонда ана кісінің айтқан сөзі: «Мен 10- 15 ход ойламаймын, әрбір позицияда жақсы ходты табуды ойлаймын» деп. Өмірде де солай. «Шахмат керуені» - аймақтарда шахмат қозғалысын насихаттау үшін іске қосылған республикалық жоба. Дәл осы мақсатта Қазақстан шахмат федерациясы Қонаев қаласында өз филиалын ашты. Гүлмира ДӘУЛЕТОВА, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Қазақстан шахмат федерациясы 10-шы қыркүйектен бастап «Шахмат керуені» деген жобаны бастады. 18 қаланы аралап шығып, сол жерде жарыстарды өткіземіз. Өзіміздің филиалдарды ашамыз. Ең басты мақсат-барлық өңірлерде шахматты дамыту. Жартылай финалдың жеңімпаздары 10 қарашада Түркістанда өтетін гранд-финалға қатысады. Оның жүлде қоры- 5 млн теңге.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді