Бір кесе шәй ішіңіз. Бұл- "Литер" газетінің сұқбат жазу форматы. Редакция мүшелері қонақ бөлмеге келген адаммен шай іше отырып, әртүрлі тақырыпта әңгіме өрбітеді. Газеттің бас редакторы Жанна Ойшыбаеваның айтуынша, айдардың басты ерекшелігі де осында. Сұқбаттасу үй форматында өтеді. Яғни шаңыраққа келген қонаққа бір шынаяқ шәй ұсынылып, әңгіме өрбиді. Газет басшылығы осы арқылы қонақтарға жылулық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаймыз дейді. Жанна ОЙШЫБАЕВА, "ЛИТЕР" ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ: Қазір интернет-журналистика ғасыры. Біз жедел қарым-қатынас үшін барлығын жасаймыз. Қонақтарға жайлылық сыйлау арқылы жақсы дүниелер шығары сөзсіз деп ойлаймын. "Қонақ бөлменің" бүгінгі қонағы-саясаттанушы Талғат Қалиев. Оның айтуынша, бұл ерекше әдіс. Жайланып отырып, әңгіме-дүкен құруға, түрлі тақырыпта ой бөлісуге, пікір алмасуға керемет мүмкіндік. Талғат ҚАЛИЕВ, САЯСАТТАНУШЫ: Бұл формат адамға жылы және достық атмосфера сыйлайды. Кейде біз оны сағынамыз. Біз үнемі күйзеліс жағдайында өмір сүріп жатырмыз, таңнан кешке дейін күйбең тіршілік. Кішкене рефлексияға мүмкіндік болған кезде және сізге көмектескен кезде, менің ойымша, бұл пайдалы. "Қонақ бөлме" айдары газеттің әр сенбі күнгі басылымында жарыққа шығады. Бұған дейін талай тұлғалар мен азулы саясаткерлер, мықты мамандар, түрлі сала майталмандары кеп, шай ішіп кеткен. Алдағы жоспар да ауқымды,-дейді басылым басшылығы.