Қонақ үй ашатын инвесторларға несие беріледі

Былтыр елімізге 9 миллион турист келген. Бұл -алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Осының өзіне қуанып жатырмыз. Бірақ бұдан да жақсы нәтиже шығаруға болар еді. Бірақ бізде бәсеке жоқ. Гәптің бәрі – осында. Ал бәсеке жоқ жерде сервис сапасының ақсай беретіні анық. Премьер-министр осының салдарынан кәсіпкерлерде «адам бәрібір келеді» деген қарабайыр түсінік қалыптасқан, - дейді. Енді қайтпек керек? Аружан Задабектің материалы. Былтыр туризм саласы бюджетке 450 млрд теңге пайда әкелген. Бұл алдыңғы жылдан 64 млрд-қа артық. Негізі дәл осы сала бойынша кіріс көлемі әлдеқайда көп болуы тиіс. Өйткені елімізде көздің жауын алатын көрікті жер көп. Оларға қызығушылық танытып отырғандар да аз емес. Бірақ мәселенің «бірағы» көп. Бізде туристік орынға жетудің өзі мұң. Не жол жоқ, не сервис сапасы талапқа сай келмейді. Интернеттің жайы бір бөлек. Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Бәсеке жоқ жерде, сервис сапасы да ақсай беретіні анық. Туристік бизнесте «Демалуға қайтсе де келеді?» деген қарабайыр түсінік қалыптасқан. Дәл осындай көзқарас еліміздің туристік имиджіне нұқсан келтіреді. Премьер-министрдің бәсеке жоқ деген сөзінде жан бар. Оны артық сөзсіз, бір ғана мысалдан көруге болады. Мәселен, Алматы қаласында қазір 11 400 нөмерлі 354 қонақ үй бар. Бұл Бакумен салыстырғанда 3,5 есе, Тблисиден 2,7, Ташкенттен 2 есе төмен. Енді мәселені шешу үшін инвесторларға жаңа кредит берілмек. Ерболат ДОСАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінгі таңда мегаполисте инвесторлар 227 млрд теңгеге 3,3 мың нөмір болатын 7 қонақ үй салып жатыр, 16 қонақ үйді жобалады. Аталған шаралар үш жыл ішінде нөмірлік қорды 17 мың нөмірге дейін 1,5 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қонақүй санының аз болуы бағаға да әсер еткен. Тым қымбат, қарапайым халықтың қалтасы көтеруі екі талай. Бағасына сапасы сай болса жақсы ғой. Интернеттің өзі қосылмаған жер көп. Ол жаққа келген туристер қолайсыз жағдай орын ала қалса, ешкімге хабарласа алмайды. Енді министрлік осы олқылықтың орнын толтыруды көздеп отыр. Алдымен «sos-батырма» қауіпсіздік жүйесі енгізіледі. Құрал әр туриске беріледі. Ермек МАРЖЫҚПАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ: Экотуризмге сұраныстың артуын ескере отырып, ұлттық саябақтарға бару көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ұлттық саябақтарға 2,4 миллионнан астам адам келді. Бұдан бөлек, министрлік курорттық аймаққа қатынайтын рейстердің санын ұлғайтуды көздеп отыр. Балаларға арналған «Kids go free» бағдарламасы да жалғасады. Былтыр дәл осы жоба арқылы 2 мың бала саяхаттаған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Бакуда қазақ жастарының ұйымы құрылды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды