Конькимен жүгіруден ӘЧ: қазақстандық жасөспірім қыздар күміс жүлдегер атанды

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті.«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, командалық спринтте Алёна Лифатова, Арина Ильященко, Алина Дауранова және Кристина Шумекова квартеті күміс жүлдегер атанды. Нидерланд құрамасы мəреге бірінші келсе, Италия үздік үштікті түйіндеді. Жалпы, спринт жарысына 11 құрама қатысты. Олар: Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Оңтүстік Корея, Латвия, Нидерланд, Норвегия, Польша, АҚШ. Өткен жылы Инсбруктегі əлем чемпионатында еліміздің қыздар құрамасы (Алина Дауранова, Инесса Шумекова, Дарья Гаврилова) командалық спринтте 3-орын алған еді. Осыған дейін Германиядағы додада Алина Дауранова 500 (қола) және 1000 метрде (күміс) жүлде жеңіп алған. Қазір ұлттық құрама қоржынында 2 күміс пен 1 қола бар. Дүниежүзілік дода бүгін мәресіне жетеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын конькиші Алина Дауранованың әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында бір күнде үш алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан