Петропавлда көңіл көтеру орындарының бірінде ер адамды атып өлтірді. Полицияның мәліметінше, 26 ақпан күні Петропавл қаласы полиция басқармасының «102» жедел арнасына облыс орталығындағы көңіл көтеру орындарының бірінде ер адамның атыс жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. 28 жастағы ер адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылды, алайда алған жарақатынан қайтыс болды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі «адам өлтiру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны ұсталды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.