Консервіленген және өңделген көкөністер 25%-ға қымбаттады

Биыл қаңтар–сәуір айларында елімізде 7,04 мың тонна өңделген және консервіленген көкөніс (картоптан басқа) өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,7%-ға артық, деп хабарлайды Астана телеарнасы Energyprom.kz ресурсына сілтеме жасап. Жыл басынан бері 3,09 мың тонна көкөніс және 3,72 мың тонна қызанақ консервілері өндірілді. Сонымен қатар 1,29 миллион литр көкөніс шырыны өндірілді. Оның ішінде 1,25 миллион литр қызанақ шырыны бар. Биыл мамырдағы қорытынды бойынша өңделген және консервіленген көкөністердің бағасы бір айда 1,4%-ға және бір жылда бірден 24,6%-ға өсті. Өткен жылмен салыстырсақ, 16,7%-ға өскен. Өңделген және консервіленген көкөніс көбіне БҚО-да қымбаттағаны байқалды (жыл ішінде 43,4%-ға өскен). Одан бөлек, Жетісу облысы мен Қызылорда және Маңғыстау облысында бағаның айтарлықтай өскені байқалды. Мамыр айындағы қорытынды көрсеткендей, аздаған қымбаттау Ұлытау облысында тіркелді сол сияқты Ақтөбе және Атырау облыстары да осы қатарда. Өңделген немесе консервіленген көкөніс арасында жыл ішіндегі ең жоғары баға жасыл бұршаққа (30,3%) тиесілі. Одан кейін консервіленген жүгері (28,1%), консервіленген және маринадталған көкөніс (27,6%) және мұздатылған көкөніс (24,9%). Тұздалған және маринадталған қияр 24,1%, картоп чиптері 21,9%, тұздалған және маринадталған саңырауқұлақтар бір жылда 21,1%-ға қымбаттады. Көкөніс шырындары бір айда 1,9%, ал жыл ішінде 27%-ға қымбаттаған. Өңірлер арасында көкөніс шырындарының ең жоғары бағасы тағы да БҚО-да тіркелді (жыл ішінде 52,8%-ға қымбаттады). Одан кейін Жетісу облысы (42,8%), ШҚО (38,1%) және Түркістан облысы (36,7%). Ал Алматыда (13,8%), сондай-ақ Алматы облысы (20,6%) және СҚО-да (20,7%) көкөніс шырындары аздап қымбаттады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
«Барыс» хоккейшілері 2025 жылды жеңіліспен бастады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді