Консервіленген қияр жеп ауруханаға түсті

Түркістан облысында соңғы бір аптада 2 адам ботулизмге шалдықты. Олар Созақ және Ордабасы аудандарының 34-39 жастағы тұрғындары. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлайды.  Анықталғандай, олар үй жағдайында дайындалған консервіленген қияр тұтынған. Нәтижесінде екі азаматта да мазасыздану, құсу, бас айналу, жұтына алмау сынды ботулизмге тән клиникалық көріністер байқалған. Созақ ауданының 34 жастағы тұрғыны ауыр халде аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, Ордабасы ауданының 39 жастағы тұрғыны аудандық ауруханада ем алуда. Жағдайы бірқалыпты. Аталған жайт бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері емдеу мекемелері тарапынан түскен жедел хабарлама негізінде ауру ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларын жүргізіп, науқастармен байланыста болған азаматтарды тіркеуге алды. Тамақтан уланудың, ботулизмнің алдын алу мақсатында санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда адам денсаулығына зиян келтірген оқиға бойынша зерделеу жұмыстары жалғасуда.  Айтып өтейік, 2023 жылы өңірде 4 адам ботулизммен ауырған болатын. Облыстың санитарлық дәрігерлері тұрғындарды консервіленген салаттар мен тұздықтарды тұтынарда, дүкендерден сатып алатын тағамдардың жасалу технологиясы мен дайындалған мерзімдеріне аса мән беруге шақырады!  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бюджетке көп ақша аударатын Алматы облысы неге қайтарымында қаражатқа жарымай отыр
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Түркістан облысының тумасы, Азия чемпионы Сағындық Тоғамбай туған жерге оралды
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді