Консервіленген өнімдер қауіпті дертке шалдықтыруы мүмкін

Үй шаруасындағы әйелдердің көбі маусымда әртүрлі көкөністерді, жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды герметикалық қақпақтармен жауып, дайындайды. Консервіленген өнімдерді дайындау қағидалары сақталмаған жағдайда банкада өлім-жітімге әкелетін қауіп – ботулизм болуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Ботулизм – құрамында Clostridium botulinum бактерияларының уы (токсині) бар тағамдарды тұтыну кезінде туындайтын тағамдық улану. Ботулизм микробтары спора түрінде кең таралған. Споралар сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады, мұздатуға және кептіруге төзімді. Жемістер мен көкөністерге, азық-түлікке, үй жануарларына арналған жемге немесе ағзаның ішектеріне (мысалы, балықтардың) түскен жағдайда споралар оттегі болмаған кезде вегетативті түрге айналады және токсин құрайды. Токсин 80 градус температурада 30 минут ішінде, 100 градус температурада 10 минут ішінде бұзылады. Ауру бірнеше сағаттан 5 тәулікке дейін дамиды. Науқас айналадағы адамдар үшін қауіп төндірмейді. Иммунитет қалыптаспайынша, қайта жұқтыруы ықтимал. Аурудың басталуы әдетте жіті болып келеді. Науқастар іштің ауырсынуына, жүрек айнуына, құсуға, дене қызуының жоғарылауына, нәжістің бұзылуына шағымданады, содан кейін метеоризм, іш қату, іштің толуы, ауыздың құрғауы, бұлшықеттердің әлсіздігі, көру қабілетінің бұзылуы дамиды. Тек өнеркәсіптік дайындалған консервілерді тұтыну ботулизмнің алдын алудың ең дұрыс жолы болып табылады, үйде дайындалған консервілерді қолдан сатып алуға, бүлінген көкөністер мен жемістерді консервілеуге жол берілмеуі тиіс. Консервіленген банкаларды ашпас бұрын оларды тексеру керек – ыдыста ботулизм қоздырғышы дамыған кезде түбі мен қақпағы ісінуі мүмкін. Тағамды дастарханның үстіне қоймас бұрын азық-түлік өнімдері және кез келген консервілерді қайнату, пісіру, қуыру ботулизмнің, басқа да ішек ауруларының және тамақтан уланудың алдын алудың негізгі шарасы болып табылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2024 жылы 85 экстремистік қылмыс ашылды — ІІМ
Суықта бас киімсіз жүру несімен қауіпті?
Спорттық протеин құрамындағы ауыр металдар денсаулыққа қауіпті
Стюардессамен сөзге келген спортшы рейстен түсірілді
Чехияда мейрамхана жарылды: алты адам қаза тапты
Былтыр 85 экстремистік қылмыс анықталды
«Барселона» ойыншысы Рональд Араухо «Реал Мадридке» қарсы ойнаудан бас тартты
Моңғолия халқы үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде
IX қысқы Азия ойындарының билеттері ресми сатылымға шықты
Діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Ең пайдалы бес жеміс-жидек аталды
Доллар бағамы қандай?
2025 жылы қазақстандықтар неше күн демалады
АҚШ-та Хабиб Нурмагомедовты ұшақтан түсіріп тастады
Лос-Анджелес отты қоршауда: жел өртті басқа бағытқа бұрды, қаза тапқандар саны артуда
Алматы облысында жеке клиниканың дәрігері науқасқа шабуыл жасаған
Көптеген заңбұзушылық бар: Алматы облысында жеке клиника дәрігері пациентке шабуыл жасады
Құтқарушылар тұрғын үйдің жертөлесінде қалған мысықты құтқарды
Туринде өтетін универсиадада хоккейшілеріміздің ойын кестесі
Астанада жол апаты болды: зардап шеккендер бар
Былтыр мал ұрлығының саны 30,5 пайызға азайған
2025 жылы кімдер жұмыссыз қалады? Жоғалып бара жатқан мамандықтар аталды
Бірінші сынып оқушысы ата-анасының атына несие рәсімдеген
Таразда ағаш шеберханасында ауқымды өрт болды