Конституциялық реформаға қатысты Парламенттік бақылаудағы өзекті мәселелер талқыланды

Астанада елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформаға қатысты Парламенттік бақылаудағы өзекті мәселелер талқыланды. "Мемлекеттік қызметшілердің цифрлық үкімет шеңберінде заңдардың орындалуын парламенттік бақылаудың нысандары мен әдістерін Конституциялық реформалау және оңтайландыру" атты халықаралық дөңгелек үстелге Грузиядан келген заңгер-ғалымдар қатысты. Жиынға қатысушылар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» саяси жүйесінің формуласын бекіту мәселелерін қарастырды. Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов дөңгелек үстелге қатысушыларға бейнеүндеу жолдады. Ол заңдарды әзірлеу және қабылдау құқықтық басқару процесін жетілдірудің бастапқы кезеңі екенін айтты.Қанатбек САФИНОВ, ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Парламенттік бақылау негізінде заңнаманы және құқықтық қолдану практикасын өзгертуге және ұсыныстар енгізуге болады. Сондай-ақ орындаушыларды емес, басшылардың жауапкершілігі туралы мәселені көтере алады. Мемлекеттік дамудың бүгінгі кезеңінде біз қандай да бір жаңа құралдарды ойлап таппауымыз керек. Керісінше әлеуеті зор Конституциямызда белсенді және толық іске асыруымыз керек деп санаймын. Әлихан Бәйменовтың айтуынша, мемлекет ырғақты жұмыс жасауы үшін оның тармақтары арасындағы қарым-қатынас өте маңызды. Әлихан БӘЙМЕНОВ, АСТАНА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ХАБЫ БАСҚАРУШЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Парламенттік бақылау ол тек депутаттардың өз жұмыстарын көрсету үшін емес, не тек қана атқарушы биліктің есеп беруі үшін ғана керек емес. Жалпы атқарушы биліктің мұң мұқтажына сезімталдығын қалыптастыру үшін керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елімізде өңдеу өнеркәсібі дамып келеді
Бас бапкер Азия чемпионаты туралы: Екі салмақ дәрежесіндегі нәтижемен келіспейміз
Пластиктен сабын жасауға болады
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
726 мың теңгеден басталады: еңбек биржасында жалақысы жоғары мамандықтар аталды
Ең жоғары жалақысы бар жұмыстар белгілі болды
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды