Конституциялық Сот құрылғалы бері 2700 өтініш түсті

Конституциялық Сот құрылғалы бері 3 мыңға жуық өтініш түсті. Ай сайын жарты мыңнан аса азамат әділдік іздеп арнайы органға жүгінеді. Алайда халықтың басым бөлігі оның қызметін, функциясын дұрыс түсінбей жатқан көрінеді. Ақбота Базарбай сала мамандарымен тілдесті.Жыл басынан бері келіп түскен өтініштердің 25 проценті заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру мәселесіне қатысты. Конституциялық 9 іс қозғалды, тағы 44-і судьялардың алдын ала зерделеуінде. Басым бөлігі жеке тұлғалардан келіп түскен. Олар мына мәселелерді көтерген: сот шешімдерімен келіспеу, НҚА немесе оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тану, ақпаратқа қол жеткізу, еңбек заңнамасын сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, қылмыстық-атқару жүйесі. Конституциялық сот Ата заңның мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді. Мысалы, сот ісінде судья қандай бір бапты негізге ала отырып, шешім шығарады. Судьяның заңды өзгертуге құқығы жоқ, бірақ жеке тұлға тарапынан заң нормасына қатысты қандай да бір күмән болса, осы орган заңға не бапқа күдігі бар азаматтардың шағымын қарайды. Ғазиз ӘБІШЕВ, САЯСАТТАНУШЫ: Ертең бір депутат, бір мәжіліс бір заңды қабылдаса. Бірақ, ертең бір азамат сол заңды көріп, конституциялық сотқа былай айтады: «Осы заң біздің Ата Заңымызға қайшы болып жатыр. Енді конституциялық сот осы заңды ашып, оқып өз шешімін айтады. Иә, дұрыс. Жалпы Конституциялық сотқа жүгінген азаматтың шағымы түскен күннен бастап үш ай ішінде қаралады. Алдымен сот аппараты азаматтың құжаттары мен оның келіспеген шешімін тексеріп, тіркеуге алады. Шағым түскен соң, әрі қарай Конституциялық соттың аппараты тиісті тексеріс жүргізеді. Қазіргі уақытта шамамен 400-ге жуық өтініш қаралуда. Ақерке ҚАСЫМ, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Өтініштердің сапасы да, мазмұны да әртүрлі болып келеді. Себебі, Конституциялық сот жұмысын бастаған кезде азамдар оның қызметін, функциясын дұрыс түсінбей жатты. Сондықтан да Конституциялық соттың құзыретіне қатысты емес немесе басқа да мәселелер бойынша көптеген өтініштер келіп түсті. Конституциялық соттың қызметін, функциясын дұрыс түсінген азаматтар да бар. Ондай өтініштердің саны да аз емес. Жыл басынан бастап конституциялық бақылау органына жүгінуге құқығы бар субъектілерден 2700 өтініш келіп түскен. Ай сайын Конституциялық сотқа орта есеппен 500-ден астам азамат жүгінеді. Бірегей институт жұмысын бастағалы 4 айда 11 нормативтік қаулы шығарылса, оның 8-і азаматтардың өтінішіне қатысты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Цифрландыру жұмысы: Түркістан облысында білім мекемелері қалай дамып жатыр?: 13 желтоқсан 2024, 12:35 - жаңалықтар Tengrinews.kz
eGov Mobile қосымшасында Қазпошта қызметтері қосылды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді