Конституциялық сотқа 600-ден астам өтініш түскен

Жаңадан құрылған Конституциялық сотқа 600-ден астам өтініш түскен. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмаханов айтты. Оның сөзінше, арызданушылар өте көп. Алайда, Конституциялық сотқа жүгінудің өз тәртібі бар дейді. Ол қандай тәртіп? Бекболат Сатуов түсіндіреді.Конституциялық соттың құрылғанына бір айға жуықтады. Оған жүгінетіндер саны күннен күнге көбеюде. Алайда, шағымданушылардың дені соттың шешімімен келіспейтіндерін айтып, арызданатынын көрінеді. Ал конституциялық сот шығарылған шешіммен емес, құқықтық нормалардағы қайшылықтармен күреседі. Бақыт НҰРМАХАНОВ, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аудандық, облыстық, жоғарғы соттың шешімдеріне құқықтық баға бермейді. Оларды қайтадан қарамайды және күшін жоймайды. Қазіргі таңда азаматтардан келіп жатқан өтініштердің басым көпшілігі осы мәселелер. Конституциялық сот заңның нақты бір бабын,нормасын, тармағын, бөлігін қарайды. Конституциялық соттың жұмысы туралы әлі көпшілік біле бермейді. Көп адам ондай құрылым бар екенінен де мүлдем хабарсыз. БЛИЦ: - Конституциялық сот туралы естуіңіз бар ма? - Нет, ешқандай нәрсе естіген жоқпын. - Білмеймін оны шынын айтқанда. Енді конституциялық сот жоғарғы сот қой енді ол. - Жаңадан құрылып жатыр ғой. Оның адамдарын танымайды да екем мен.Қазір әлемнің 70-тен астам елінде Конституциялық сот бар. Еуропа, Латын Америкасы және ТМД елдерінде кең таралған. Оған кез-келген адам сауал жолдап, жауап ала алады. Бұл құқықтық күрестің өркендеуіне әкеледі. Белгілі заңгер- Ерқанат Бейсенов те Конституциялық сот құқықтық негіздерге және сот жүйесіне жаңа леп беретініне сенеді. Ерқанат БЕЙСЕНОВ, ЗАҢГЕР: Бүгінгі таңда Конституциялық сот қайта қалпына келтірілгендіктен, менің ойымша, жаңа сот практикасы пайда болады. Бұл - біз үшін аса қажет. Сондықтан мен конституциялық соттың әрекеті Конституциялық Кеңеспен салыстырғанда теориялық тұрғыдан тиімді болуы керек деп үміттенемін. Конституциялық сот азаматтардың арыз-шағымын 3 ай қарайды. Жауаптардың 70 проценті жазбаша жолданады Б. Сатуов

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Семей қаласындағы мұғалімнің құлауы: облыстық білім басқарасы мәлімдеме жасады
Түркістан облысында заңсыз тұрмыстық химия өндірісімен айналысқан жерасты цехы әшкереленді
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді