Конституциялық Сотта атыраулық тұрғынның өтініші қаралды

Конституциялық Сот 17 ақпанда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің кейбір ережелерінің конституциялылығын тексеру туралы істі қарауды бастады. Бұл іс атыраулық тұрғынның мемлекеттік баж мөлшеріне қатысты Жоғарғы сотқа шағымдануымен байланысты болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Конституциялық сотқа биылғы 24 қаңтарда азамат Е.Досмағамбетовтен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 610-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының және 2-тармағының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініш түскен. «Азамат өзінің арызында дауланып отырған норма Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағын, 14-бабын, сондай-ақ 1948 жылғы 10 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 217 А (III) қарарымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 7-бабын және 1966 ж. 16 желтоқсанда қабылданған және 2005 жылғы 28 қарашадағы №91-III заңмен ратификацияланған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 2-бабын бұзады деп көрсеткен. Бұған дейін 2018 жылы шығарылған сот шешімімен келіспегендіктен, азамат сот актілеріне Жоғарғы Сотқа шағымданған. Алайда арыздануға байланысты белгіленген мемлекеттік баж (өтініш беруші хабарлағандай, шамамен 2 млн теңге мөлшерінде) оның Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағында көзделген сот қорғауына құқығын шектейді. 2018 жылдан бастап Е.Н.Досмағамбетов Жоғарғы Сотқа өтінішпен үш рет жүгінген. Өтініш иесінің арызын мемлекеттік бажды төлемеуіне байланысты қараудан бас тартқан», -деп хабарлады Конституциялық соттан. Өтініштің мәні бойынша Конституциялық Сот Парламент Сенатының, Бас прокуратураның, қаржы, әділет және Ұлттық экономика министрліктерінің, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдерін тыңдаған. Сондай-ақ Республикалық нотариаттық палатаның, Республикалық адвокаттар алқасының, Қаржы және салық құқығы ғылыми-зерттеу институтының және Каспий университетінің қорытындыларын зерделеген. Конституциялық Сотта азаматтың мүддесін адвокат қорғады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
«Жарайсың, бауырым»: Басы дауға қалған Черчесов қазақ тілінде «жазып кетті»
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
Черчесов кетпейтін болды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды
Маңғыстауда төрт «Жайлы мектеп» пайдалануға дайын
Колледждер үшін қазақ тілінде 100 оқу құралы жазылады
Қостанай облысында шетелдіктер заңсыз жұмыс істеп жүрген
Ербол Мырзабосынов спорт саласындағы жыл үздіктерін марапаттады
Республиканың басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр
«Қарғыс атқыр...»: Қанат Әлжапбаровтың тойда айтқан сөзі жұрттың ашуына тиді
Екі айда жол ережесін 308 рет бұзған ақтөбелік ұсталды
Күдікті ұсталды: Алматыда белгісіз біреулер 20 жастағы жігітті пышақтап кетті