ІІМ Атырауда 16 мың тұрғын жиналған концертте 172 бала жоғалып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Эстрада жұлдыздарының гала-концерті 28 сәуір күні өтті. «Сағат 19:00 мен 00:00 аралығында алаңда жұмылдырылған полицейлерге бала жоғалды деген дерекпен 170-тен астам шағым келіп түскен. Оның ішінде 125 жасөспірім, 14 жастан 18 жасқа дейінгілер, ал 47 бала жас шамасы 1,5 жастан 14 жасқа дейінгі бүлдіршіндер», - деп жазды ведомстводан. Барлық бала табылып, аман-есен ата-аналарына табысталды.