Қоныс аудару қажет пе? Майқайыңдағы «Шанхай» ауданының мәселесін комиссия тексереді

Аталған ауданның тұрғындары үйлерімен қоса жер астына түсіп кетуден қорқып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.Жергілікті тұрғындардың баспаналары автобус құлаған ойықтан небәрі 300-400 метр жерде орналасқан. «Шанхай» ауданының тұрғындары көтерген мәселені арнайы комиссия тексеретін болды. Комиссия аумақта тұрып жатқан халықтың қауіпсіздігін зерделеп, өзге жерге қоныс аударудың қажеттілігін анықтайды. Оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар қатысады деп күтілуде. Бұл туралы Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жөніндегі басқарма басшысы Қанат Кәрімов «Шанхай» ауданы тұрғындарының сауалына жолдаған жауап хатында мәлімдеді. «Қазіргі уақытта «Майқайыңалтын» АҚ тау-кен телімінің ауданындағы опырылған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Іздеу жұмыстарына 144 адам және 42 техника жұмылдырылды. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін барлық мүдделі мемлекеттік органдар кіретін арнайы комиссия құрылатын болады. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша халық қауіпсіздігінің санитарлық аймағының мәселелері және олардың одан әрі қоныс аудару қажеттілігі, сондай-ақ басқа да әлеуметтік мәселелер зерделенетін болады», – делінген жауапта. Ендігі кезекте «Шанхай» жұртының мәселесі Мәжіліске жетті. «Amanat» фракциясының бір топ депутаты атынан Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдап, халық қалаулылары шахта маңында орналасқан, апаттық жағдайда тұрған үйлердің жағдайын Үкімет органдарынан назарға алуды сұраған. Еске сала кетейік, Майқайың кенішінде жұмыстар қайта жанданды. Тау-кен жұмыстары тәулік бойы жүргізілетін болады. Шұңқырдың айналасы арнайы үйінділермен қоршалып, тау-кен-инженерлік жұмыстарды жүргізу жобасын дайындау бойынша бірқатар істер атқарылды. Ауыр техниканың көмегімен бүйірлік траншеялар кеңейтіліп, аппарель ойықтың түбіне дейін тереңдей түседі. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады
Алматы Халықаралық әуежайында туристерге сыйлықтар табысталады
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне орай шыңға шықты
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Арқалық прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды
Грузияда мейрамхананың 12 қызметкері өлі табылды
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»