Атыраулық келіншек Айымгүл Айтбаева инстаграм арқылы тапқан дәрігердің емінен соң баласы ауырғанын айтады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.Баланың анасы: “Көп препараттар берді. Бір күнде 8 система аласыңдар деді. Біз біреуін алмай, 7 система алдық. Оның бәрін 10 күн аласыздар деді. Біз тек 4 күн алдық. Бісінші күні бала қызулап кетті. Іші қатып, көзі ісіп, бір аяғы тартылып қалды, жатып қалды, дем жетпеді”,-деп күйінді. Баланың жағдайы нашарлаған соң, анасы жедел жәрдем шақырған. Балаға ота жасалған. Күрделі отадан соң, бала 2 күннен соң қайтыс болған. Бала 2 жарым жаста болса да еңбектеген, жүре алмаған. Ата-ана сол үшін уайымдаған еді. Әкесі көтеріп алып келген баламыздың сүйегін алып кеттік деп қынжылады. Баланың дамуы қатарынан кеш болған екен. Әйгерім Асқарова есімді дәрігерді олар инстаграм арқылы тапты. Олар дәрігердің емін алған науқастардың пікірлері оқып, “баламыз жүріп кетер” деп үміттенген. “Қонжық премиум” дәрігері Әйгерімнің тек консультациясын 200 мың теңгеге сатып алған. Системасы 100 мың, массажы 100 мың болған. Анализ тапсыратын жерді өздері жазып берген. Баланың ата-анасы оған 150 мың теңге жұмсаған.