Белгілі жазушы-сатирик, қоғам қайраткері Көпен Әмірбектің «Көпен келе жатыр!..» атты бестомдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. Салтанатты түрде көрерменге жол тартқан туындының тұсаукесеріне сатириктің көз көрген замандастары қатысып, естеліктер айтты.Көпен Әмірбек «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі, «Білім және еңбек», «Ара-Шмель» журналында жауапты хатшы, ҚР Бас прокуратурасы мен Жоғарғы Сотта баспасөз хатшысы болып ұзақ жылдар қызмет істеген. Сондай-ақ «Ара» журналының бас редакторы, Қазақ радиосы директорының орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы болды. Көзкөргендер оның жүріп өткен өнегелі жолы туралы сөз етті. Шығармашылықтан бөлек ол отбасында жақсы жар, үлгілі әке болды. Әйгерім АСАНОВА, К. ӘМІРБЕКТІҢ ЖҰБАЙЫ: Бұл кісінің өзіне келетін болсақ, өте керемет жан, нағыз ер азамат отбасымыздағы ең керемет тұлға деп айтуыма болады шынында да. Керемет жан, оған ешкім тең келе бермейді. Мінезі де жайдарлы, үлкен болсын, кіші болсын, барлығымен бірдей қарым-қатынаста адам таңдамайтын. Көпен Әмірбек «Қымызхана», «Тамаша» ойын-сауық отауының белсенді авторы ретінде, сондай-ақ, өзі құрған «Көпен келе жатыр!...» атты сатиралық театрымен көрерменге кең танылды. Оның түрлі тақырыптарда әзіл-сықақ, пародия кітаптары бар. Көпеннің бар шығармасы біріктіріліп, осы бестомдыққа жинақталған. Өріс ЯШҮКІРҚЫЗЫ, ЖАЗУШЫ, СЫҚАҚШЫ: «Көпен келе жатыр!..» 5 томдық кітаптың біреуі – кітап-альбом. Қалғаны шығармашылығы бұрынғы өзі қайтыс боларын білді ме, өзінің бұрында шыққан шығармалары бар емес пе. Осыны топқа топтастырып кеткен оның бәрің. Өзі туралы пікірлерді де бір кітапқа топтастырған. Мынау жинақ қылып өзі жоқта мынау шашылып жатпасын дегендей қылып мынадай әдемі кітап шығарып тастап кетті. Қашан да елді күлкіге кенелтіп жүретін белгілі сатирик күллі қазақты күңірентіп кетті. Тек көңілге медеу болатыны-артында өшпейтін мол мұрасы қалды. Ол мұра барда халық Көпенді ұмытпайды.