«Көпқабатты үйлер жылусыз қалған жоқ», - қала әкімі

Қостанайдағы «Әуежай» шағын ауданында тағы жылу құбыры жарылды. Бұл маңдағы көпқабатты үйлер бұған дейін де жылусыз қалған еді. Қостанайда ауа температурасы -6-9 градусты көрсетіп тұр. Әзірге пәтерлер жылы. Тұрғындар тезірек жылу берілсе дейді. Жанерке МАҚСҰТҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бізде районда жылуды кеше кешке сөндірді. Бірақ үйде әзірге жылы. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деп естідім. Бүгін кешке дейін қосылады деп айтып жатыр. Күтеміз. Қала басшысы құбырдың жарылғаны 3-4 күн бұрын белгілі болғанын айтты. Жұмысшылар қолайлы ауа райын күткен көрінеді. Шағын аудандағы үйлерде жылу бар. Тек жұмыстар жүргізілгенде ажыратылады.Оның өзі екі-үш сағатқа созылады. Сосын дереу жылу беріле бастайды деп сендірді қала әкімі.Сондықтан тұрғындар еш алаңдамаса да болады. Жөндеу жұмыстары көп ұзамай аяқталады деді. Марат ЖҮНДІБАЕВ, ҚАЛА ӘКІМІ: Жылусыз қалған үй жоқ. Құбырдың жарылған жері анықталған соң, жөндеу жұмыстары екі-үш сағатқа созылуы мүмкін. Осы уақытта жылу болмайды.Сосын дереу жылу беріледі. Тұрғындар мұны сезбей де қалуы тиіс.Біз әдейі осындай ауа-райын күткен ек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды