"Көпті күйзелткен балабақша кезегі әзір шешілмейді"- демограф

Балабақшаларда орын тапшы. Өзекті мәселе өз шешімін таппай келеді. Қазақстанда бөбекжайдағы 100 орынға орта есеппен, 106 баладан келеді. Ал кезекте тұрған 2 мен 5 жас аралығындағы балалардың қатары күннен күнге артуда. Жауаптылар мәселені жақын арада шешеміз дейді. Келер жылы ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларын балабақшаға кезекке қоярда бірден төрт бөбекжайды таңдай алады. Бірақ ол тапшылықты жоя ма? Әріптесім, мәселеге үңіліп көрді.Диананың 3 баласы бар. Тұңғышын тұрғылықты мекен-жайы бойынша үйдің маңындағы мемлекеттік балабақшаға орналастырмақ болған. Бірақ орын жоқ. Кезек те жақындар емес. Ал жекеменшік балабақшалар қымбат дейді. Диана КАРПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Үлкенім 4-тен асты. Балабақшаға кезек келгенше мектепке баратын уақыт болады. Ортаншы баламызды да жекеменшік бөбекжайға беруге мәжбүр болдық. Себебі мемлекеттік балабақшаларда орын лық толы. Екі балаға ай сайын 100 мың төлейміз. Қалтаға ауыртпалық салады. Пандемия кезінде елде 1 миллионға жуық бала дүниеге келген. Ал 1 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер саны 2 миллионнан асады. Республика бойынша жұмыс істеп тұрған 11 мыңнан астам балабақша барлығын бірдей қамтуға жетпейді деген мамандар, мәселенің жақын арада шешілетініне күмәнмен қарайды. Шынар ТӨЛЕШОВА, ДЕМОГРАФ: 2005 жылдан бастап қарасақ жылдан жылға туу көрсеткіші жоғарылап келе жатыр. Бұның барлығы бала санының көбейуіне әкеліп жатыр. Ең бірінші кезекте бала санының артуы бұл балаларға арналған әлеуметтік объектілердің: мектеп санының, балабақша санының білім беру саласы объектілерінің тапшылығын туғызуда. Бүгінде 135 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін кезекке тұрудың бірыңғай деректер базасы жасалмақ. Жыл соңына дейін 81 мың жаңа орын ашу көзделіп отыр дейді министр. Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ: Мектепке дейінгі ұйымдарда орындардың бөлінуін ашық жүргізу үшін жыл соңына дейін Балаларды кезекке қоюды есепке алудың бірыңғай базасы әзірленуде. Оны толықтай іске қосу жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. Енді ата-аналар бүлдіршіндерін өздеріне ыңғайлы мекен-жайдағы кез келген балабақшаға кезекке қоя алады. Ол үшін қала мен елді-мекендердің карталарына барлық мектепке дейінгі мекемелер мен кезек қозғалысы жарияланбақ. Ал балаларды балабақшамен 100 пайыз қамту 2028 жылға қарай жүзеге аспақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Бұрынғы ғашығыңыз жолығуы мүмкін: 15 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінді
Жетісу облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Жетісу облысында алты адам қар құрсауында қалып қойды
Талғарда жаңа әкім тағайындау үшін сайлау болып жатыр
Астанада коммуналдық қызметкерлерге алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды
АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады
"Үздік ауыл дәрігері" номинациясының иегері белгілі болды
Өскеменде жоғалған жас қыздың денесі табылды
Жетісу облысында қар құрсауында қалған алты адам құтқарылды
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде топ жарды
Астанада Марин Томасов атындағы көше пайда болады
Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы күшейді
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр
Қостанай облысында 15 жаңа медициналық нысан ашылды