Қазақстан қор биржасында доллар күрт арзандады.Сағат 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,51 теңгеге төмендеп, 447,15 теңге болды. Еуро бағамын Ұлттық банк 493,7 теңге, рубльді 5,4 теңге деп белгіледі. Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 62,56 теңге (-0,76) болды. Ақша айырбастау орындарында доллар 447,5-450,5 теңге, еуро 489-493 теңге, ресей рублі 5,23-5,47 теңге аралығында саудаланып жатыр.