Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысында доллар бағамы 2, 67 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 462, 04 теңге. Ұлттық банктің 24 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 458,13 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,86 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 457,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 461,5 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 458 теңге, сатып алу құны– 462 теңге. Ресей рублі 4,78 – 4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.