Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы төмендеді.Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,21 теңгеге төмендеп, 1 доллар 448,05 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 30 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 448, 39 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 449 теңге, сатып алу – 453 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 448 теңгеден болса, сатып алу – 451,5 Алматыда Ресей рублі 5,7 – 5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,75 - 5,85 теңгеден сатылуда.