Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,12 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 444, 22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,75 теңге. Ұлттық банктің 11 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 444, 16 теңге. Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 443,5 теңге, сатып алу – 446,5 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 440,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 444,5 теңге. Ресей рублі 5,65 – 5,85 теңге аралығында саудаланып жатыр.