Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,24 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 448, 62 теңге. Ұлттық банктің 13 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 32 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,43 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 446,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 450 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447 теңге, сатып алу құны– 451 теңге. Ресей рублі 5, 32 - 5, 42 теңге аралығында саудаланып жатыр.