Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,66 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 458,87 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,96 теңге. Ұлттық банктің 27 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 457,29 теңге. Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 455 теңге, сатып алу – 459 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы 454 теңгеден болса, сатып алу құны – 457 теңге. Ресей рублі 5,7-5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.