Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 0,58 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа құны 459, 97 теңге болды. Ұлттық банктің 5 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 459,52 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,76 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 459,15 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 461,8 теңге. Ал Астана қаласында сату – 459,03 теңге, сатып алу – 463 теңге. Ресей рублі 4,77 – 4,87 теңге аралығында саудаланып жатыр.