Алматы мен Астананың ақша айырбастау пункттерінде Ресей валютасының теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,87- 4,98 теңге аралығында сатылып жатыр.Ал, Астанада 4,85 -4,93 теңге аралығында құбылып тұр. Еліміздегі үшінші мегаполис Шымкентте Рессей рублінің құны – 4,91 -4,95 аралығында. 10 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, Ресей валютасының орташа бағамы 4,92 теңге болған. Ұлттық банктің 11 шілдедегі ресми бағамы – 1 рубль 4,85 теңге. АҚШ ақшасы 442-447 аралығында саудаланып жатыр. Айта кетейік, маусым айының соңындағы Ресейдегі жағдайға байланысты Қазақстанның ақша айырбастау орындарында ресейлік валюта бағамы тұрақсыз болып тұр.