Қорадағы 3 ірі қара мен 10-ға жуық уақ малды алаяқтар алып кетті

Ақмола облысы Қараөткел ауылының тұрғындары қорадағы малынан айырылып қалды. Оларды алдап соққан 35 жастағы Амантай есімді азамат дейді. Ол бұған дейін де бірнеше ауылды зар қақсатқан көрінеді. Сонда да әлі ойына келгенін істеп жүр дейді жұртшылық. Мәселенің мән жайын әріптесім Дәрібек Бахытбек тарқатады.Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Мына қорада мыңғырған мал болатын. Иесі сатып пайдасын көрсем деген. Әр басы шамамен 100 мың теңгеге бағаланған. Сатып алушы да дер кезінде табылыпты. Бірақ бар болғаны қолына қолхат тастап 10 бас түлікті түгелімен алып кеткен. Содан үшті күйлі жоқ. Жәбірленуші Жандостың айтуынша, оның 3 ірі қара мен 10-ға жуық уақ малы болған. Сатып алушы тез табылғанынан қуанып, түлікті жүккөлігіне өзі тиеп беріп жібергенін айтады. Жандос АКИМОВ, ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл малдарымды еріккеннен сатып жұмсап отқан жоқпын. Төлейтін кредитім болды. Үйге азық түлік бар. Көмір бар жаңағы көмірде бітіп қыс ішінде. Ақша керек болғаннан кейін жұмсадым оны жасыратын ештеңесі жоқ. 29 желтоқсан күні алып кетті кешкі 8 жарым 9 шамасында. Осы жігіт Амантай Бағазат деген жігіт 8 жылғы. Осы Қоянды да тұрады дейді. Целиноград ауданында. Енді сол жігіт өтірік алаяқтықпен өтірік малымның бәрін алып отыр. «Бұл - алаяқтың тірлігі» дейді ауыл тұрғындары. Тағы бірнеше адам солай алданып қалыпты. Жүк көлігі жүргізушісінің телефон нөмерін тауып сөйлесіп көрген. Дәулет ҚАСЫМБАЕВ, ҚАРАӨТКЕЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жаңағы газелисть телефоны мен сөйлескенімізде. Газелисть айтыпты ініме малды Қояндыға апардым. Қояндының пикатагында камазға артып әкетті деп. Ал камазға тиегенде інімнің малын апарғанда камазда басқа да малдар болған екен. Целиноград аудандық полиция бөлімшесіндегілер бұл жағдайдан хабардар. Тұрғындардың шағымы негізінде қазір анықтау жұмыстары жүріп жатыр дейді. Абзал МЕДЕРОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ПД АҒА ТЕРГЕУШІСІ: Қазіргі таңда енді тексеріс жүргізіліп жатыр. Басында Бағзат Амантайдың іс-әрекетінде алаяқтық қылмыс құрамы бар ма, не болмаса жоқ па деген мәселе шешіледі. Ол мәселенің яғни, осы заңды шешім қабылданғаннан кейін тағы да хабар айтамыз жәбірленушіге. Жәбірленушілер малдың табылатынына үмітті. Алаяқ өз жазасын жазасын алса екен дейді. Д. Оңласын

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семейде Жаңа жыл шыршасының шамын жағу 25 желтоқсанға ауыстырылды
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті
Бүгін бокстан ел біріншілігінің жартылай финал жекпе-жектері өтеді
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Маңғыстауда полицейлер бекіре мен уылдырықтың заңсыз айналымын тоқтатты
«Күйеуі қайда қарап отыр»: Психолог әйелдерге іш киімсіз жүруге кеңес берді (ВИДЕО)
Семейде мұғалім шырша құру кезінде биіктен құлаған: білім бөлімі басшысы қызметінен босатылды
Семейде шырша безендіремін деп жарақат алған мұғалімнің кім екені білгілі болды
“Тек билет бағасы өсе береді“. Елімізде қанша ұшақ 25 жылдан ұзақ пайдаланылған?
Бүгін бокстан ел біріншілігінің жартылай финал жекпе-жектері өтеді
Астанада көпбалалы отбасыларға арналған пәтерлер мемлекетке қайтарылды
Алматы облысының тауларында алдағы үш күнде қар көшкіні болуы мүмкін
Әнші Ayree сүйіктісімен некесін қидырды
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды