Корея мен Орталық Азия елдері ынтымақтың жаңа жолын табуға ұмтылады - Юн Сок Ёль

Корея Республикасы мен Орталық Азия елдері ынтымақтың жаңа жолын табуға ұмтылады. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльмен айтты.Өз кезегінде Юн Сок Ёль Қазақстан Президентімен алғаш рет өткен жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте кездескенін еске алып, Астанада тағы да жүздескеніне қуанышты екенін айтты. «Биыл Корея Республикасы мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің 15 жылдығын атап өтеміз. Сондықтан да бұл мемлекеттік сапарға айрықша мән береміз. Корея Республикасы мен Қазақстан дипломатиялық қарм-қатынас орнатылған 1992 жылдан бергі 32 жылдың ішінде екіжақты қатынасты айтарлықтай дамытуға қол жеткізді. Бүгінде көптеген корейлік компания Қазақстан нарығында табысты жұмыс істеп, экономиканы, өнеркәсіпті дамытуға, мемлекеттік инфрақұрылымды кеңейтуге өз үлесін қосып отыр. Мұнан бөлек, біз екі ел арасындағы аса маңызды минералды ресурстар, энергетика, гуманитарлық және мәдени алыс-беріс салаларын қоса алғандағы ынтымағымыздың көкжиегін кеңейтіп келеміз. Экология, медицина, білім салаларындағы ынтымақ күн сайын қарқынды дамып келеді», - деді Корея Президенті. Мәртебелі мейман өзінің Орталық Азияға сапары қарсаңында Корея Республикасының Үкіметі Кореяның ОА елдеріне қатысты алғашқы дипломатиялық стратегиясын жария еткенін айтты. Стратегия Корея Республикасы – Орталық Азия ынтымақтастық бастамасы деп аталады. «Аталған бастама ынтымақтастықтың 3 қағидатын қамтиды: серіктесу, бірігу және жасампаздық. Корейдің алдыңғы қатарлы технологиялары мен цифрлық мүмкіндіктеріне арқа сүйей отырып, Корея Республикасы мен Орталық Азия елдері ынтымақтың жаңа жолын табуға ұмтылатын болады», - деді Юн Сок Ёль.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Бірге екен ғой»: Жұлдыз Әбдукәрімова Қайрат Нұртаспен видео жариялап, желіні шулатты (ВИДЕО)
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді