Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары түн ішінде Қостанай облысында 140 адамды эвакуациялады

Қостанай облысының оңтүстігінде қарғын судың қарқыны күшейе түсті.Арқалық, Амангелді және Жанкелді ауданында төтенше жағдай жарияланды.Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.Әскери авиация күшімен 240 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Облыстың оңтүстігінде жағдай қиын.Арқалыққа қарасты ауылдар мен Амангелді, Жангелді ауданындағы елдімекендерді су басты. Жарық сөніп, байланыс үзілген.Тұрғындар мен қыстақтағы адамдар тікұшақпен құтқарылып жатыр. Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары бір түнде 140 адамды қауіпсіз жерге жеткізген. Руслан ЖАНГУЛИН, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Екі тәулік ішінде қарулы күштердің әскери авиация күшімен 240 адам, оның ішінде алпыстан астам бала құтқарылды.Сонымен қатар осы күні Алматы қаласынан Орал қаласына Қорғаныс министрлігінің авиациясымен төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімі мен әскери қызметшілері жеткізілді. Су тасқынына байланысты Арқалықта жедел штаб құрылып,мобильді топтар күні-түні жұмыс істеп жатыр.Аймақ басшысы зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, екі күн бойы ел-жұрттың қасында болды.Оларға үкімет тарапынан материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Абай ШҮКЕНОВ, АМАНКЕЛДІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аудандық штабтың нұсқамасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр.Көмекке облыстық ТЖД және Қызылорда облысынан келіп жұмыс жасап жатыр.Еріген қардың суы және өзеннен келіп жатқан ағынды суды ауылдың ішіне кіргізбеу мақсатында жұмыстар жасалып жатыр. Айбек ТАҢАТБАЕВ, ЕРІКТІ: Аудан тұрғындары,мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті атқарушы орган өкілдері тасқын сумен күресіп жатыр.Судың қарқыны қатты. Деңгейі сағат сайын көтеріліп жатыр. Бұл жақта міне еріктілер де жұмыс жасап жатыр. Жалпы аудан бойынша жағдай күрделі. Қостанайдағы шағын аудан тұрғындары да қарғын судың зардабын тартып отыр. Бұл маңдағы көшелер мен аулаға жайылған су, он бес үйдің ішіне енген. Ғалымжан БИМОЛДИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Үш балам бар.Үйге кіріп кетті су.Түнде ұйықтаған жоқпын.Екі бөлме қалды.Су көтеріліп жатыр.Ақырындап шелекпен тасып жатырмын. Айда БАЖИРОВА, ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Ай-көмек қызметі арқылы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтан түсіп жатқан өтінімдерге бірден назар аударып, аула мен үйлерге кірген суларды арнайы техника сорғызу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қала бойынша жүзден астам техника және жүз елуден астам адам жұмыс істеп жатыр. Тасқынға тойтарыс беру шараларына еріктілер де ерекше атсалысып жатыр. Амангелді аумағында жүзге тарта белсенді жұмыс істеуде.Олар ақша жинап мың қап, 500 қолғап, күрек және өзге де құрал жеткізген.Су басқан аймаққа полиция департаментінің 40 қызметкері аттанды.Сақшылар эвакуация жұмыстарына қол ұшын созып,тұрғындардың дүние-мүлкін ұры-қарыдан қорғайтын болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Торға түскен торғай болдым“. Әнші Ляззат Байырбекова не үшін ажырасып кеткенін айтты
Алматыда ірі қойма өртеніп жатыр
«Сотта көрісеміз»: орыс тілінде шала сөйлегені үшін «Болашаққа» түсе алмаған Темірбаев жайлы министрдің жауабы
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Ұлттық қордан 18-ге толатындардың жинақтары есепшоттарына наурыз айына дейін аударылады
«Салтанат шақырған такси жүргізушісімен сөйлестім»: Адвокат Нүкенованың ісіне қатысты тың дерек айтты
Универсиадада ту ұстап шығатын қазақ спортшыларының есімі белгілі болды
Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды
“Бұл күндер де қалады артта“. Тағы да бала күтіп жүрген Ерке Есмахан Италияда не істеп жүр?
«Иә дедім»: тележүргізуші Динара Сәтжан тұрмысқа шығады
Астанада ғасыр жасаған соғыс ардагері Раиса Сафоничева дүниеден озды
Анастасия Городко алтын алды
Qazaq Coffee кофеханасының тағдыры шешілді
Екі облыста жолдар жабылды
Шымкентте жол ережесін бұзып көрмеген жүргізушілер марапатталды
«Жаттықтырушым да семіздерді ұнатпайды»: Түсіпбаева тағы да көпшіліктің ашуын туғызды
Алматыда ірі қойма өртеніп жатыр
Жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды