Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары түн ішінде Қостанай облысында 140 адамды эвакуациялады

Қостанай облысының оңтүстігінде қарғын судың қарқыны күшейе түсті.Арқалық, Амангелді және Жанкелді ауданында төтенше жағдай жарияланды.Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.Әскери авиация күшімен 240 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Облыстың оңтүстігінде жағдай қиын.Арқалыққа қарасты ауылдар мен Амангелді, Жангелді ауданындағы елдімекендерді су басты. Жарық сөніп, байланыс үзілген.Тұрғындар мен қыстақтағы адамдар тікұшақпен құтқарылып жатыр. Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары бір түнде 140 адамды қауіпсіз жерге жеткізген. Руслан ЖАНГУЛИН, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Екі тәулік ішінде қарулы күштердің әскери авиация күшімен 240 адам, оның ішінде алпыстан астам бала құтқарылды.Сонымен қатар осы күні Алматы қаласынан Орал қаласына Қорғаныс министрлігінің авиациясымен төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімі мен әскери қызметшілері жеткізілді. Су тасқынына байланысты Арқалықта жедел штаб құрылып,мобильді топтар күні-түні жұмыс істеп жатыр.Аймақ басшысы зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, екі күн бойы ел-жұрттың қасында болды.Оларға үкімет тарапынан материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Абай ШҮКЕНОВ, АМАНКЕЛДІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аудандық штабтың нұсқамасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр.Көмекке облыстық ТЖД және Қызылорда облысынан келіп жұмыс жасап жатыр.Еріген қардың суы және өзеннен келіп жатқан ағынды суды ауылдың ішіне кіргізбеу мақсатында жұмыстар жасалып жатыр. Айбек ТАҢАТБАЕВ, ЕРІКТІ: Аудан тұрғындары,мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті атқарушы орган өкілдері тасқын сумен күресіп жатыр.Судың қарқыны қатты. Деңгейі сағат сайын көтеріліп жатыр. Бұл жақта міне еріктілер де жұмыс жасап жатыр. Жалпы аудан бойынша жағдай күрделі. Қостанайдағы шағын аудан тұрғындары да қарғын судың зардабын тартып отыр. Бұл маңдағы көшелер мен аулаға жайылған су, он бес үйдің ішіне енген. Ғалымжан БИМОЛДИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Үш балам бар.Үйге кіріп кетті су.Түнде ұйықтаған жоқпын.Екі бөлме қалды.Су көтеріліп жатыр.Ақырындап шелекпен тасып жатырмын. Айда БАЖИРОВА, ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Ай-көмек қызметі арқылы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтан түсіп жатқан өтінімдерге бірден назар аударып, аула мен үйлерге кірген суларды арнайы техника сорғызу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қала бойынша жүзден астам техника және жүз елуден астам адам жұмыс істеп жатыр. Тасқынға тойтарыс беру шараларына еріктілер де ерекше атсалысып жатыр. Амангелді аумағында жүзге тарта белсенді жұмыс істеуде.Олар ақша жинап мың қап, 500 қолғап, күрек және өзге де құрал жеткізген.Су басқан аймаққа полиция департаментінің 40 қызметкері аттанды.Сақшылар эвакуация жұмыстарына қол ұшын созып,тұрғындардың дүние-мүлкін ұры-қарыдан қорғайтын болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ер адамның аялдамадағы әрекеті алматылықтарды шошытты: Желіде видео тарады
Шошқаның бүйрегін салған алғашқы адам екі ай ғана өмір сүрді
Алматыда мопед ұрлаумен айналысқан екі топ ұсталды
«Қызым орнықты ғой дегенде күйеу баласы келмеске кетті»: Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады
Алматы қаласына жақын жерде жер сілкінісі тіркелді
"Негізі өмірде лохпын". Дариға Бадықова оқырмандарына тіл қатты
Алматыда мопед ұрлаумен айналысқан екі топ ұсталды
Жамбыл облысында саңырауқұлақ теруге шыққан әйел жоғалып кетті
Қазақстандық балуандар Стамбулдағы іріктеу турнирінде олимпиадалық квота иелене алмады
Қанат Бозымбаев Атыраудағы су тасқынының шарықтау шегіне дайындық жұмыстарын тексерді
Танымал актер сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады
Қанат Бозымбаев Атырауда су тасқынына дайындықты тексерді
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасына өзгерістер еңгізілді
Полицейден қашқан мас жүргізуші аялдамаға соғылып, екі адамды мерт қылды
«Ұл үйленеді дегенде баласынан айырылды»: Ләйлә Сұлтанқызы анасына жантебірентерлік жазба арнады
Қызылордалық құтқарушылар Жайыққа дронмен мониторинг жүргізді
"Ұл үйленеді дегенде баласынан айырылды". Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентер жазба жариялады
Әнші Мақсат Базарбаев ауылға беташарға барып, алданып қалғанын айтты (видео)
Қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңын бағындырды
Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілді
Хоккей: Қазақстан құрамасы Словакиядан жеңіліп қалды
Былтыр із-түзсіз жоғалып кеткен екі ер адам өлі табылды
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасына өзгерістер енгізілді
Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды