Желіде 12 құрсақ көтерген ананың балалары Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz.Видео әлеуметтік желіде бірнеше топта тарап кетті. Роликте бауырлар кезек-кезек бір-бірін шақырып, жантебірентерлік көріністі көрсетеді. "12 құрсақ. Мынандай видеоны көргенде көзге жас келіп, көңілің босап қалады екен. Елжіретіп жіберді ғой. Бауырлар бір-біріне еркелеп тұр. Қандай жарасымды", - делінген депутат Дәулет Мұқаевтың парақшасындағы жазбада. "Керемет, қартайғанда осылай бір-бірімізден сый-құрметіміз ажырамай, еркелеп журуді Алла нәсіп етсін""Осындай видеоларды көргенімде, іштей қуанамын, 12 болмаса да 7 баланы басым істеп туып алғаныма""Өлеңнің өзі қандай! Бауыр деген әр адамға керек. Қанша ұрысып қалсақ та ертесі күні іздеп тұрасың. Бауырың туралы бір нәрсе естісең, сол адаммен қырық пышақ болып қалатынымыз бар. Қанша үйі-күйі бөлек болғанымен соларға бір табан жақын болатынымыз рас. Үстеріне бір шыбын қондырмай, әрдайым жүрген жерде мақтап мәртебесін көтеріп жүреміз. Бауырымыз бүтін, ауызымыз бір болғай ағайын""Керемет! Біз де ата-анамыздан 12 баламыз. Ата,-анам, үлкен ағам өмірден озып кетті. Мына видеоны көріп еріксіз жылап алдым. Шіркін, бір туған бауырға ешкім жетпейді ғой. Аман болайық! Ортамыз ортаймасын деп тілеймін!" - деп Желі қолданушылары жылы сөздерін жазып кеткен.