"Көргіміз келмейді". Қазақстандықтар Азамат Мұсағалиев пен оның командасын елге кіргізбеуді талап етті

Қазақстандықтар әзілкеш Азамат Мұсағалиев және оның "Камызяки" командасын елге кіргізбеуді талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz.Желіде "Камызяки" командасының Қазақстандағы концерттерін тоқтатуды талап еткен петиция жарияланды. 5 қазанда Алматыда, 7 қазанда Астанада концерттері жоспарланған. "Азамат Мұсағалиев әзілкеш Нұрлан Сабуровпен бірге қазақстандықтардың наразылығын тудырып, ТНТ федералды арнасында қазақ тілін мазақ етіп қана қоймай, Денис Дороховпен және "Камызяки" командасымен жақында оккупацияланған Донецкіде өнер көрсетті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында Ресей Федерациясының президенті Путинмен кездесуде Қазақстан "Луганск және Донецк халық республикаларын"  мойындамайтынын мәлімдеді. Біз, қазақстандықтар, егемен ел Украинаға қарсы агрессияны қолдайтын адамдарды елімізде көргіміз келмейді. Біз - бейбіт елміз, бейбіт халықпыз", - деп жазған петиция авторлары.Еске салайық, бұған дейін Саур-Могила мемориалдық кешенінде Донбассты азат етудің 80 жылдығына арналған үлкен концерт өткен. Танымал әзілкештер Азамат Мұсағалиев пен Денис Дорохов сол жерде өнер көрсеткен еді."Әзілкеш үшін адамның күлкісі - нағыз марапат. Көзімен, жүрегімен күлетін адамдарды кездестірсек, бұл өте шабыттандырады. Сондықтан мен оларға көп рақмет айтамын, бүгін олармен әңгімелесу өте керемет болды", - деді Мұсағалиев.Желі қолданушылары соғысты қолдайтын Азамат Мұсағалиевтің бұл әрекетін сынап тастады. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Садраддин Ахмедов салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Ақтөбе облысында 500 тұрғын үй салынды- қорытынды жаңалықтарда (13.12.2024)
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
"Тіл – тәуелсіздік тұғыры": елордада мерекелік іс-шара өтті
Астанада қала ішіндегі мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Теміртауда 6 жастағы бала суға кетіп, көз жұмды
Алимент төлеуден жалтару деректері бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
Алматы - арман қала: шаһарға келген туристерді не қызықтырады
Алматы метросында қаза тапқан жігіт жайлы деректер пайда болды