Қорқытып ақша алмақшы болған адвокат жазаланды

Жаңақорған аудандық сотының 21 қараша 2023 жылғы үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айыруға облыстық адвокаттар алқасының адвокаты О.Курбанов сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен тергеу органымен О.Курбановқа Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі 2)-тармағымен айып тағылды (ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында қорқытып алушылық). Аталған тұлға бірнеше рет ірi мөлшерде бөтеннің мүлкін мәжбүрлі түрде талап еткен, талабы орындалмаған жағдайда жәбiрленушiлердің немесе олардың жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарататынын айтқан. Адвокат О.Курбанов 13 мектептің және аудандық білім бөлімінің бас есепшілерінен 6 млн. 900 мың теңге талап етіп, бермеген жағдайда облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне арызданатындығын, одан әрі қылмыстық іс қозғалатындығын, салдарынан ауданның абыройы түсіретіндігін алға тартқан. Сотталғанның кінәсі жинақталған және сот мәжілісінде жан-жақты, толық, объективті бағаланып, тағы да басқа сотта зерттелген іс материалдарымен толық дәлелденген. Одан әрі іс апелляциялық сатыдағы сот алқасында 2024 жылдың 11 қаңтарында сотталған О.Курбанов пен оның адвокатының шағымы негізінде қаралып, нәтижесімен үкім өзгеріссіз, шағым қанағаттандырусыз қалдырылды. Сот үкімі заңды және негізді, оның күшін жоюға немесе өзгертуге негіздер жоқ, деп сот алқасы тапты. Бүгінгі күні сот үкімі заңды күшіне енді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тоқаев Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Алматыны қар басты: тұрғындар мен жүргізушілерге үндеу жасалды: 16 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
“Ләззат Асановаға арналған“. Танымал “Қазақ қызы“ әнінің жиырма жылдан кейінгі жұмбағы туралы
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Президент Бахрейн короліне құттықтау жеделхатын жолдады