Қорқытып, несие рәсімдеткен

Ақмола облысында жергілікті тұрғынды қорқытып, екі несие рәсімдеткендер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Облыстық Полиция департаментіне Көкшетау қаласының 22 жастағы тұрғыны хабарлаған. Тұрғынның айтуынша, белгісіз үш жігіт оны пәтерге күшпен кіргізіп, денесіне зақым келтіріп, кейін пышақпен қорқытып, үлкен мөлшерде қаражат талап еткен.Жағдайды егжей-тегжейлі анықтаған жедел уәкілдер жәбірленушінің бұған дейін ВКонтакте әлеуметтік желісінде қызбен танысқанын анықтаған. Ал алғашқы кездесуден кейін оны белгісіз үш адам ұстап алып, ақша талап еткен. Жәбірленушіде талап етілген сома болмағандықтан, күдіктілер оның телефонындағы банктердің қосымшалары арқылы екі онлайн-несие рәсімдеп, ақшаны банкоматтардан шешіп алған. Өзіне күш көрсеткендерге қолма-қол ақша берген жас жігіт бірден полицияға жүгінді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Көкшетауда арнайы операция нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Аталған топтың көшбасшысы ретінде облыс орталығының 25 жастағы тұрғынына «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Қалған екі күдіктіге де қатысты шара қолданылып, қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Олимпиададан кейін шымкенттік балалардың дзюдоға қызығушылығы едәуір артқан 
WBC Баходир Джалоловты "жазалады"
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды
Америкалықтар термоядролық станция жасап, шексіз энергияға қол жеткізбекші
1996 жылдан бергі доллар банкноталары айналымнан шыққан жоқ
Енді молдалар қайырымдылық қорына түскен қаржыдан жалақы алады
Шетелдік транзиттік жүк көліктерінен бюджетке қанша қаржы түседі? Көлік министрі жауап берді
Алматылық студенттер маңғыстаулықтардың 130 миллионын жымқырған
Алматыда күніне 160 жұп некесін қияды
Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салынады
Алматыда атысқандар ұсталды
Алматы балабақшаларындағы QR-код неге істемей қалды?
Семейде Жаңа жыл шыршасының шамын жағу 25 желтоқсанға ауыстырылды