Коронавирус пандемиясының аяқталуына байланысты елдегі барлық шектеу алынды

Коронавирус пандемиясының аяқталуына байланысты елдегі барлық шектеу алынды, деп хабарлайды Zakon.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап."Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясының аяқталуы, Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы туралы хабарлауына байланысты, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Ashyq жобасында халықтың арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды", - делінген хабарламада. Осылайша, "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 19 мамырдағы №5 қаулысына қол қойылды. Осы қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады. "Сонымен қатар COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын хабарлаймыз, вирус әлі де тарап жатыр, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, кейіннен халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылады",-деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Банктен 55 миллион теңге жымқырған қазақстандық Швецияда ұсталды
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл деп танылды
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады: денсаулыққа пайдалы өзгерістер
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметов өмірден озды
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
«Біздің қоғам – орыс қоғамы»: Мұхтар Мағауин неліктен Қазақстанға оралғысы келмеді (ВИДЕО)
Ержан Максим әлемдік ән байқауының бас жүлдесін жеңіп алды
Қазақстан құрамасы қылышпен семсерлесуден Гран-при кезеңіне қатысады
Ақмолада ұлтаралық алауыздықты қоздырған тұрғын сотталды
Қазақстандық дзюдошылар жаңа маусымға дайындықты бастап кетті
Алматыда полицейді пышақтап өлтірді
Алматыда жанжал кезінде жарақат алған полицей ауруханада көз жұмды
Депутаттар қостанайлық кәсіпкерлермен тауардың шығу тегі туралы жаңа заң жобасын талқылады
Белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы қайтыс болды
Қытайлық компания қазақстандық арпаны жеткізуге қызығушылық танытып отыр
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті
2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл деп танылды