«Коррупциялық фактілер актілерге қол қою кезінде кездеседі», - вице-министр

Еліміздің мемлекеттік сатып алу жүйесі үздіктер қатарында. Қазақстан - деректердің қолжетімділігі бойынша әлемдік рейтингінде 109 елдің ішінде 3-орында тұр. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл айтты. Былтыр мемлекеттік сатып алу көлемі 5,9 трлн теңге болған. Портал ашық әрі қолжетімді. Мемлекеттік сатып алу конурстарына адамның ықпалы жоқ деген олар қоғам сынына жиі ұшырайтын бір көзден сатып алу көрсеткішінің көлемін әлі азайтамыз дейді. Алдағы уақытта 46 негіздеме қысқаруы мүмкін.Дәурен КЕҢБЕЙІЛ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Бір көзден сатып алу туралы Президент бірнеше тапсырма берген. Бір көзден сатып алу көлемін азайту туралы. Былтыр біз тапсырыс беруші бірінші басшының жауапкершілігін көздедік. Және тапсырыс беруші бір көзден сатып алғанға дейін ең бірінші бәсекелестік жолмен сатып алуға ұмтылу керек. Осындай 2 міндеттеме қойдық. Осы міндеттемелердің нәтижесі 39-дан 25% азайып отыр. Вице-министр елдегі әрбір бесінші сыбайлас жемқорлық фактісі мемлекеттік сатып алу конкурстарына тиесілі екенін мойындайды. 2022 жылғы 1 шілдеден бастап құрылыс монтаждау және жобалау жұмыстарына рейтингтік – балдық жүйені енгізген. Артықшылығы -ешқандай конкурстық комиссияның мүшесі болмайды. Сатып алу жеңімпазын база автоматты түрде өзі анықтайды. Дәурен КЕҢБЕЙІЛ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Біз зерделеп қарадық. Көп коррупциялық фактілер актілерге қол қою кезінде кездеседі. Актілерге қол қою процесін мейлінше автоматтандыру мейлінші тапсырыс беруші мен өнім берушіні жоюымыз керек. Р. Бақытжанқызы

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында бір күнде үш алтын медаль жеңіп алды
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Компьютерлік клубтан 121 миллион жымқырған астаналық сотталды
Зомбылық түбі – қорлық
Тұман, көктайғақ: 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды