Көрші үйде бала жыласа, үнсіз қалмаңыз – Комитет басшысы қазақстандықтарға үндеу тастады

 Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова қазақстандықтарды балаға қарсы зорлық-зомбылықпен белсенді күресуге үндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Елімізде балалардың құқығын қорғау бағытында қатаң шаралар қолданылады. Заңнама бойынша балаға зорлық-зомбылық көрсету фактісі туралы хабарлау үшін өтініш жазудың қажеті жоқ. Жалғыз рет қоңырау шалса жетіп жатыр. Көрші үйден баланың шыңғырған, жылаған даусын естідіңіз бе – үнсіз қалуға болмайды. Бұл жай ғана қолайсыз жағдай емес, бұл құзырлы органдарға хабарлайтын жағдай. Кіре беріс есікте учаскелік полицияның нөмірі жазулы тұрған жоқ па? Немесе мектепке қоңырау қалай шалатынын білмейсіз бе? Әлде ортақ чатқа жаза алмайсыз ба? Балаға қатысты зорлық-зомбылықты хабарлаудың түрлі жолы бар. Мен баланың құқығымен байланысты мәселеге келгенде ешбір мемлекеттік орган бей-жай қарамайтынына сенімдімін», - деді комитет басшысы орталық коммуникациялар қызметінде. Сондай-ақ, ол балалардың құқығын қорғау мәселесінде БАҚ өкілдерінің өте белсенді екенін айтып, алғыс білдірді. «Сондай жағдай бола қалса, БАҚ-тың бәрі хабар таратады, желінің бәрі шулайды. Бұл жердегі ең басты дүние – зәбір көрген баланы суретке түсірмеу керек. Аты-жөні мен мекенжайын, қай мектеп оқушысы екенін көрсетпеу керек. Өйткені бала ертең өседі. Оның тағдыры сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан осы жағын ескерсеңіздер», - деді Насымжан Оспанова.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады