Көше тазалаушылардың бір күні

Әлемде 50 мыңнан астам мамандық бар көрінеді. Оның ішінде аса еленбей, жұртқа көп байқалмайтындары да бар. Солардың бірі – көше тазалаушылар. Тазалық жанашырлары ауа райының қолайсыздығына қарамастан талмай еңбек етеді. Қыстың үскірік аязында жолдар мен аялдамаларды қар - мұздан тазалайды. Ал жаздың аптап ыстығында қаланы шаң-тозаңнан арылтады. Ауыр еңбек лайықты бағаланып жүр ме? Көше тазалаушылардың жұмысы туралы тілшіміз баяндайды. Таң енді ғана қылаң беріп атып, қала тұрғындары терең ұйқыдан ояна бергенде бұл кісілер жұмыс орындарында сақадай сай дайын тұрады. Қызыл желеткелерін киіп, қолдарына сыпырғы, күрек ұстап, қаланың әр бұрышындағы учаскілеріне аттанады. Діттеген жерге әндетіп жеткен соң, бір отбасындай болып кеткен ұжым бір-бірімен мәре-сәре болып қауышып, жұмысқа кіріседі. Гүлхан Ауданова ұжымдағы ең үлкені. Жасы – 58-де. Бұған дейін наубайханада қызмет еткен. Соңғы 11 жылдан бері қаланың тазалығына үлесін қосып келеді. Гүлхан АУДАНОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Өзіміз үйреніп кеттік. Өзімізге жеңіл. Қысы-жазы осылай далада жүреміз. Жақсы адамдар да көп. «Ой, апа, шаршадыңыз ғой, су ішіңіз» деп су беріп, шоколад, шай, су алып береді. Үйде отыра алмаймын расында. Жұмыс істеген жақсы ғой. Ал Райхан Байдәулетова көше тазалаушы болып 13 жылдан бері қызмет етеді. 15 жыл бұрын ол Түрікменстаннан Алматыға қоныс аударған. Райхан БАЙДӘУЛЕТОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы жұмыстың арқасында балаларымды үйлендіріп, оқытып, үйлі болып жатырмыз. Ұнайды өзіме жұмысым. Көп адам айтады: «әйел адамға ауыр» деп. Егер адам өз ісін ұнатса, ешқандай қиыншылығы болмайды. Бригада тамаша, ауызбіршілікті, бір-бірінің жағдайына қарап, үлгере алмай жатқан жерлері болса, көмектесіп отырады. Бостандық ауданы бойынша бөлімшеде 140 адам қызмет етеді. Жалақылары -160-170.000 теңге. Дені ауыл-аймақта тұрғандықтан, оларды жұмысқа әкеліп-апаратын арнайы көлік бар. Бөлімше бастығының айтуынша, бұл жұмысқа жастар көп қызыға бермейді. Көбінесе қариялар келеді. «Олардың жауапкершілігі де жоғары»,- дейді. Хамражан САДЫКОВ, «АЛМАТЫ ТАЗАЛЫҚ» МКМ БОСТАНДЫҚ АУДАНДЫҚ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ: Бізде әрқашан есік ашық жұмыс істеймін деушілерге. Жазда қоқыс, күзде жапырақ тазалайды. Қыста қар түскен кезде күні-түні жұмыс тоқтамайды. Аялдамаларды ашамыз. Жаяу жүргіншілер жолақтары, жол бар. Адамдар біледі жұмыстарының маңызды екенін. Тазалық осылардың арқасы деп ойлаймын. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ: Үстеріне қызыл желетке киіп, қолдарына сыпырғы ұстаған осынау тынымсыз жандар болмаса, алып шаһар қоқыс астында қалары анық. Қаланың көркін қалыптастырып, тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдететін де осы кісілер. Тазалық өзімізден басталады. Сондықтан бұл игі іске әрқайсымыз өз үлесімізді қоса аламыз. Иә, көше тазалаушылардың жұмысы оңай емес. Олар күн-түнге, ыстық-суыққа қарамай қызмет етеді. Жұрт көбіне елей бермегенімен, еңбегі ерен.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жұмысшы мамандықтары жылын өткізудің жоспары қаралды
Англиядағы алғашқы өзбек: Хусанов «Манчестер Сити» ойыншысы атанды
Қазақстанда тағы бір құжат электронды форматқа ауысады
Шыны зауытының қарқыны қалай?
Үйге терезе арқылы кірген ұры 10 млн теңгенің алтынын үптеп кеткен
Мектептер мен колледждерде “111“ байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды
Тоқаев Трампты құттықтады
Netflix: енді қазақтар ойнайды
Бүлдіршін қыздан «жын шығарған»
Дональд Трамп жаңа президент ретінде алғашқы сөзін сөйледі
Тасқын қаупі тағы тумасын
Қазақстан пойыздарында спутниктік интернет пилоттық жобасы басталады
Республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды – «ҚазАвтоЖол»
Тоғызқұмалаққа – жаңа басшы
Әзірбайжан Мәмбетов феномені
Астанада жаңа медициналық кешен салынып жатыр
Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
АҚШ-тың 47-ші президенті
Қазақстанда тағы бір құжат электронды форматқа ауысады
Президент жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдады
ШҚО-да су тасқыны қаупінің картасы жаңартылды
Қарағанды облысындағы түрмеде сотталушы жазу мен сызуды үйренді
Қытайда 35 адамды қаққан жүргізуші өлім жазасына кесілді
«Фариза, оралшы»: актер Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы әйелінен кешірім сұрап, жылап қалды