Көшеде біреу ауырып құлап жатса көмек көрсетесіз бе?

Эпилепсия - әлемдегі ең көне аурулардың бірі. Бірақ, ол толық зерттелмеген. Бұл дертке шалдыққан науқастың бойында үнемі үрей болады. Себебі, кез-келген жерде, кез-келген жағдайда талып қалуы мүмкін. Ал, сіз көшеде біреу ауырып құлап қалса не істер едіңіз? Жедел жәрдем үлгермесі анық. Сіз қандай қадам жасар едіңіз? Дәрібек Бахытбек әлеуметтік эксперимент жасады. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Көшеде келе жатып, құлап қалдыңыз делік. Денсаулыңығыз сыр берді, әрі қарай жүре алмай қалдыңыз. Айнала толған адам. Бірақ, сізге олар көмектесе ме? Көрейік. - Ойбай не болды балам? Оу е бала. - Парень, парень. Что случилось? Может скорый - Ағай, ағай. Естен танып, құлағаныма ешкім бей-жай қарамады. Айналада жақсы адам көп екеніне көзім жетті. Өтіп бара жатқанның бәрі жаныма жүгіріп келді. Шыр-пыр болған жұрт жедел жәрдем шақыруға асықты. Енді бірі жағдай сұрап, көмек көрсетті. - Дұрыс па бәрі. Не болды? - Иә иә дұрыс. - Неге құлап қалдың? - Білмеймін... - Жүр мұнда барып отыр. - Қайдан жүрсің? Не істеп жүрсің?- Жәй жүргем ғой құлап қалдым. - Давай быстро скорую вызовим. - Хорошо, нормальный нормальный.- Басым айналып кетті ғой кішкене. - Анау көлеңкеге ма бір жерге нағысайшы. Бұл жандардың қорқып қалғаны көрініп тұр. Сонан кейін мұның эксперимент екенін айттық. - Жәй әлеуметтік эксперимент болатын. - Оййй .... - Сәлем жолдап қойыңыз. - Сендер қызықсыңдар. Мен шошып кетті не болып қалды деп. - Рақмет аға! - Әлеуметтік эксперимент болатын. - Шын деп ойладыңыз ба? - Иә... - Рақмет әлеуметтік эксперимент тұғын. - ааа - Шын деп ойладыңыз ба? - Иә - Сәлем жолдап қойыңыз. Әлеуметтік эксперимент. Елімізде 70 мыңнан астам адам талма дертімен ауырады. Олар үшін ең қиыны - көшеде құлап қалмаймын ба деген үреймен өмір сүру. Жалғыз жүруге болмайды. Дәрігерлердің айтуынша, күніне шамамен 5-6 адам келеді. Оның дені- жасөспірімдер. Жанагүл ОҢҒАРҚЫЗЫ, НЕВРОЛОГ ДӘРІГЕР: Эпилепсияның негізінен алдын алу профилактикасы жоқ. Дегенмен оған алып келетін факторлар алкоголь, түнгі ұйқының бұзылуы, энергетикалық сусындар секілді факторлар болады. Соларды шектеу эпилепсияның алдын алу болып сақталады. Біз бүгінгі экспериментті соны ескерту үшін жасадық. Және бір жағынан қала тұрғындарының адамгершілік, жанашырлық сезімдерін байқамақшы болдық. Өздеріңіз көргендей, ешкім бей-жай қарамады. Сұлқ құлаған жанды көрген адам көмек көрсетуге ұмтылды. Бірақ, мұны қайталауға болмайды. Біреудің үрейін ұшырасыз, ал жедел жәрдем шақырған адам айыппұл арқалайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
Артем Андропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды