Әнші Ғаділбек Жанай анасымен соңғы сәтте қоштасып үлгере алмаған өкініші туралы "Bars" youtube-арнасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Өнер иесінің айтуынша, сол күні жүрегі бірдеңені сезгендей болған."2007 жыл болатын, ол кезде Алматыда тұрамын. Ұйқыдан оянғанымда өзімді өте жаман сезініп жатқанымды байқадым. Еш жерім ауырмайды. Бірақ жүрегім ауырды. Сосын "қазір телефон шалады, жаман хабар келеді" деген ой кеп жатыр. Сол кезде телефон шырылдады, бірақ алмадым. Қайта хабарласты, телефонды алғанымда, немере ағам хабарласқанын білдім. "Ғадөш, бірінші билетпен елге кел, анаң сырқаттанып жатыр" деді. Содан ауылға барғанға дейінгі уақыт есімде жоқ", - деді әнші.Әнші бастапқыда мұның бәрін қабылдамаған."Ауылға келдім, үйдің сыртынан қарағанда киіз үй тұрғанын көрдім. Мамыр айында ешкім киіз үй тікпейді ғой. Жазда күн жылыда тігеді. Соны көргенде анаммен қоштасуға кеш қалғанымды түсіндім. Менде бір аптаға дейін эмоция болмады. Басында сенбедім. Анамды жер қойнына тапсырдық, жетісі өтсе де сенгім келмеді. Қырық жасыма дейін мұндай күй болмаған. Өмірімдегі ең ауыр нәрсе осы болды", - деді Ғаділбек Жаңай.