Қосшы қаласында құтқарушылар екі баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.Қосшыда құтқарушылар 3-қабаттың балконынан үш иінді баспалдақ арқылы пәтер иесіне ішінен құлыпталған есікті ашты. Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде 2019, 2020 жылы туған екі бала аман қалды, - делінген ведомство хабарламасында.Балалар аман-есен анасына тапсырылды. Медициналық көмекті қажет етпеді.