«AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанаты жұмысқа кірісті. Жиынға Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева онлайн форматта қатысып, бастаманың мақсат-межесін түсіндірді. Партия жанынан құрылған әйелдер қанаты отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесіп, отбасы құндылықтарын дәріптейді. Кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетеді.Ғылыммен айналысатын адамдарға жағдай жасайды, деді мәжіліс депутаты. Ал аудандық мәслихат депутаты Гүлсара Жаманқұлова әйелдер қанатының кеңесшісі болып тағайындалды.Жиынға қатысушылар көп балалы аналарды қолдау, отбасы құндылықтарын нығайту, әйелдерді мемлекеттік қызмет пен бизнеске ынталандырудың өзекті мәселелерін талқылады.Қырмызы ЖАҢБЫРШИНА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ «MIRAS» АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «AMANAT» партиясының гендерлік саясатты қолдай отырып, әйелдер қанатын құру жоспары өте дұрыс деп санаймын. Біздегі қыз-келіншектер қашанда қоғамның қай саласында болсын белсенді.Жаңағы өнер, білім, мәдениет болсын, денсаулық, бизнес болсын.Қай саласын алсақ та басшы ретінде,білікті менеджер ретінде өз үлесін қосып жүрген қыз-келіншектер көп. Атырауда «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен әйелдер форумы өтті. Мақсаты гендерлік теңдік және қыз-келіншектердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, мәртебесін көтеру. Өндірісті өңірде әйелдер қауымы қоғамдағы барлық салада белсенді еңбек етіп жүр. Мәселен, мемлекеттік қызметкерлердің 60, квазимемлекеттік органдардың 70 пайызында қыз-келіншектер жұмыс істейді. Аймақтағы кәсіпкерлердің тең жартысы - әйел. 600-ге тарта өндірістік кәсіпорынның 106-сына әйелдер басшылық жасауда. «AMANAT» партиясы мүшесінің 70 пайызға жуығы да- нәзік жандылар. Форумда партия жанынан құрылған әйелдер қанатының жетекшісі тағайындалды. Айжан ҚАРАБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ: Ең бастысы бүгінгі таңдағы әлеуметтік жағындағы осал топтағы жандарға көмек көрсету бағытында бағдарлама жасақтау, екінші бағыта зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелерді қарау, мәдениет саласындағы көптеген мәселелерді шешу, білім саласындағы мәселелерді шешу, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың әрқайсысының өзінің саласы бар ғой, бағыты, соның бәрін біріктіретін кеңес болады. Нәсіп ШАЛАБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АФО МҮШЕСІ, «ПРИКАСПИЙСКАЯ КОММУНА» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ: Алғашқы форумға қатысып, пікір алмасқаныма өте қуаныштымын. Бұл шараның басты мақсаты партия қатарындағы әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттырып, тек әлеуметтік қана емес, қоғамдық-саяси өмірдегі мәселелерді шешуге тарту. Біздің аймақта бірінше кезекте шешілуі тиіс мәселелер көп. Осы консультативтік кеңестің аясында ашық көтеруге мүмкіндік алады деп есептеймін. Әсіресе, әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық зомбылықтан сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бар.