Қостанай облысындағы Ахмет ауылына баратын жолды су басып кетті. Жанкелдин ауданына қарасты бұл елдімекен өңірдің оңтүстігіндегі ең шалғай жерде. Облыс орталығынан 700 шақырым қашық.Тұрғындар жол үстіне жайылған суды қайықпен кешіп өтіп жүр. Бұл - жолдың көршілес Ақкөл ауылымен ортасындағы бөлігі. Ұлы Жыланшық өзенінің Ақкөл көліне құяр сағасы. Осы тұстан аумағы шамамен 100-150 метр болатын жерді су үш жерден бұзған. Енді тұрғындар үйлеріне көлікпен жету үшін жолсыз даламен жүріп, 60 шақырым үлкен көлді айналып келуге мәжбүр. Нариман ШОРМАН, АХМЕТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Кіреберісте 50 метрдей, содан тағы жүз метр өтесіз, тағы да 100-150 метр грейдерді алып кеткен бұрынғы жыра. Сол екі жер телегей теңіз, әзір кеппейді ол жер. Ал көлді айналып келіп жатыр. Бірақ дала әлі кебе қойған жоқ. Отырып қалатын жерлері бар.