Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданына қарасты 3 ауыл бір айдан кейін ауыз сумен қамтылады. Жаңа су құбырының құрылысы аяқталуға жақын. Жобаға «AMANAT» партиясы қолдау көрсеткен. Бастапқыда жобаны жүзеге асыру 2 жылға жоспарланған, кейін түзетулер енгізіліп, құрылыс тағы бір жылға созылды. Жалпы құны 700 миллион теңгеден асады. Осы айда мердігер жұмысты аяқтап, құбырды пайдалануға бермек. Қазір сумен қамтамасыз ету бойынша сынақ жұмыстары жүріп жатыр.Разиля ШҰҢҒЫРБАЕВА, МАЙЛИН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Мен алғысымды білдіргім келеді. Бізде қазір өте жақсы, су беріп жатыр. Көп-көп рақмет айтқым келеді. Айта кетейік, «AMANAT» партиясы Рудный-Ақтөбе тас жолын жөндеу жобасын да қол алған. Қазір оның да жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Мәжіліс депутаты Альберт Рау республикалық бюджеттен қаржы бөлінген барлық нысанды аралап көрді. Сапар барысында аудан тұрғындарымен кездесіп, жаңа 5 жылдық «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша түсіндірме берді.Альберт РАУ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Біріншіден, бұл, әрине, биылғы жылдың наурыз айында сайлаушыларымыздың алдында қабылдап, қорғаған «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру. Сондықтан біз нақты сапарларды, ең алдымен республикалық бюджеттен қаржыландырылған жобалардың қалай жүзеге асып жатқанын көріп жатырмыз. Біз күзде қабылдайтын жобаларды, жаңа бюджетті пысықтап жатырмыз, сол арқылы облыстық партия бағдарламаларының жобалары енгізіледі.