Қостанай облысындағы су басқан ауылдарға «Сауап» қайырымдылық қоры гуманитарлық көмек көрсетті. Тобыл өңіріне екі тоннадан астам азық-түлік жіберді. Қайырымдылық қоры дәл осындай гуманитарлық көмекті Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Орал облыстарына жіберген. Ас-ауқаттан бөлек 3000 мың қапшық, 100 күрек, арнайы киімдер болды. Абзал ҚАЗБЕК, КӘСІПКЕР:Халықымыздың басына қиын-қыстау күн туған кезде шетқалып тұрмай көмегімізді тигізейік деген ниетпен осындай екі тоннадан астам азық-түлік жіберіліп жатыр. Осыған дейін құрылыс материялдарында жібердік. Судың деңгейінің төмендеуіне байланысты азық-түлік жіберіп жатырмыз.