Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың жартысына жуығы баспаналы болды

Қостанай облысында топан судан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету шаралары жалғасуда. Бүгін тек Қостанай ауданы бойынша 74 отбасы жаңа қонысқа көшті. Жөндеуге келетін қара шаңырақтар қалпына келтіріліп жатыр.Жаңа үйлер құрылысы да қарқынды. Алтынсарин ауылының тұрғыны Күлбағыш Байғожақызының баспанасы алты күн су астында тұрған.Шатырға дейін жеткен қарғын су қара шаңырақтың қабырғасын құлатып, тұрмыстық техника мен үй жиһаздары істен шыққан. Дүние-мүлкінен айрылып, қол қусырып қалған отбасыға Қостанайдан 3 бөлмелі пәтер берілді. Күлбағыш ЫНТЫҚБАЕВА,ЗЕЙНЕТКЕР: Ремонты күшті.Өте ұнап отыр бізге.Сапалы.Балалар ойын алаңы,балабақша бар.Бәрі мақтап жатыр.Емханада да осында бар.Балаларға мектеп те керек. Қала іргесіндегі Қостанай ауданынан 74 отбасы жаңа қонысқа көшіп үлгерді. Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов тұрғындарға құтты болсын айтып, хал-жағдайын сұрап қайтты. Құмар АҚСАҚАЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Бүгінгі күні жалпы 475 үй біздің облысымыз бойынша жарамсыз деп есептелді. Соның 208 сатып алынды.Бұл 43,7 процентті құрайды.Жартысы. Соныдықтан біртіндерп осы аптада тағы да бірнеше үй сатып аламыз.Осылай тез арада бір айдың ішінде көп азаматтар жаңа үйлерге қоныстанады. Президент тапсырмасына сәйкес тасқынға тап болған тұрғындарға жан-жақты жағдай жасалып жатыр. Қостанай ауданындағы отбасыларға мүлік шығыны мен әлеуметтік көмек ретінде 191 миллион теңгедан астам қаражат берілген.Ал үйлерді қалпына келтіру жұмыстары 15 маусымда аяқталады.Амангелді және Жангелдин ауданында 88 жеке тұрғын үй құрылысы қарқын алды.Арқалықта 50 пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталды. Қостанайдағы Қонай шағын ауданында 15 үй салу жоспарда бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Франциядағы тау шаңғысы курортында 240 турист лифтте тұрып қалды
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Үкіметтік комиссия құрылды
Ұшақ апаты: Рамзан Қадыров көңіл айтып, Ильхам Әлиев Бакуге оралады
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
Қанат Бозымбаев Ақтаудағы әуе апатын тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарады
Ұшақ апаты: Рамзан Қадыров көңіл айтып, Ильхам Әлиев Бакуге оралады
Ақтаудағы әуе апатына байланысты жедел желі нөмірлері жарияланды
Ақтаудағы ұшақ апаты: 14 адам ауруханаға жеткізілді
"Ақтаудағы ұшақ апатынан алты адам аман қалды" — министр Әлназарованың мәлімдемесі
Ақтауда апатқа ұшыраған Әзербайжан әуе желілерінің ұшағынан тірі қалғандар бар – ҚР ТЖМ
Ақтауда ұшақ апатқа ұшырады
Қаныш Әбубәкіров бірқатар әскери нысанды тексерді
Қазақстандық ауыр атлетші Азия чемпионы атанды