Қостанай облысы Обаған ауылындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы өзіне қол салды. Марқұмның асылып тұрған денесін әкесі көрген. Қайтыс болған қаршадай қыз жалпы білім беретін мектепте оқыған. Сыныпта небәрі төрт оқушы болған көрінеді. Білім бөлімінің өкілдері жасөспірімдер арасында ешқандай кикілжің болмағанын айтуда. Оқушының неліктен өзін өлімге қиғаны әзірге белгісіз. Белгілісі отбасында үш бала бар. Қыршыннан қиылған қыз үйдің кенжесі болған. Полиция сотқа дейінгі тергеу бастады.Бауыржан ӘБЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ұзынкөл ауданындағы 17 жастағы оқушының өз-өзіне қол салу фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.105 баптың 3 бөлімімен.Тиісті сараптамалар тағайындалды.