Қостанай облысында полиция 15 жасар жасөспірімді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.Қостанай облысының ПД 16 сәуірде Боровской мектеп-интернатынан кетіп қалған 15 жасар Рустам Ташмағамбетовке іздеу салды. Кәмелетке толмаған бала - Әулиекөл ауданының тумасы. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері облыс орталығында және аудандарда іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Полицияның бүкіл құрамы жұмылдырылған, іздеуге еріктілер қосылған. Полиция жасөспірімді көрген-білгендер болса 102 телефоны арқылы хабарлауын өтінеді.